Жол қадірін жүрген білер.
Президент күзетінің запастағы полковнигі Эрнст Баймұхаметов жеке өзі веломарафонға шықты. Ол 3,5 мың шақырым жерді жүріп өтпекші. Бағыты бойынша Павлодар-Семей-Талдықорған-Алматы қалаларында болады. Осы аралықты еңсерген соң елордаға оралады. Бұған дейін Астанадан аса ұзай қоймаған ол енді тәуекелге бел буып, велосипедпен ел аралап қайтпақ. Өзінің алыс әрі ұзақ сапарында жол-жөнекей мұражайлардың барлығына бас сұғып, елді тарихи һәм рухани құндылықтарды құрметтеуге үндемек.
Эрнст Баймұхаметов, Мемлекеттік күзет одағының мүшесі:
— Бағытым бірнеше кезеңге бөлінген. Күніне 100 шақырымдай жүріп отырамын.
http://24.kz