Дорогие ветераны! Примите самые искренние поздравления с Днем...
В День защитника Отечества благодарим Вас за силу, бесстрашие,...
26 апреля 2022 года в филиале города Алматы Союза ветеранов...
Қазақ елінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан құрметті ардагерлер!
Ең алдымен сіздерді жарқын мереке еліміздегі ең беделді арнайы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет Қызметінің құрылғанына 30 жыл толуы мерейтойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Халқымызда «Ардагеріне қарап ауылын таны» деген қанатты сөз бар. Бүгінде Қазақстан әскері мен қорғанысы әлемдік дамуда біршама жетістіктерге қол жеткізсе, мұнда біздің арқа сүйер басшыларымыз, кеңес берер кемелдеріміз Сіздердің де үлестеріңіз ерекше.
Өз өмірін Отанына қызмет етуге арнаған ардагерлердің тәрбиесі, өнегелі істері сұхбаттары жас ұрпақ үшін сарқылмайтын қазына, жол сілтейтін бағдаршам іспетті және еліміздің тарихын тануға қосылған сүбелі үлес деп білеміз.
Бүгінде мемлекетіміздің тарихи дамуымен қалыптасып келе жатқан ҚР МКҚ небәрі 30 жылдың ішінде ғасырға папа-пар жолдан өтті. Қазақ елін әлем танып отыр. Еліміздегі бейбітшілік, татулық, тұрақтылық әлем халықтарына үлгі-өнеге болатын болса, ол Сіздердің, қазыналы ардагерлеріміздің, таусылмас ақыл-нақылының жемісі.
Бүгінде аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен батырлыққа өрілген жолын қазақстандық жауынгер жалынды жастарымыз абыроймен жалғастыруда. Олар Отанға қалтқысыз қызмет ету мен оны ерлікпен қорғауды басты қағида ретінде ұстанады. Бізді біріктіретін бір ортақ қасиет бар. Ол туған жерге, туған елге деген зор сүйіспеншілік. Біз халқымыздың бейбіт өмірге деген құлшынысы мен төзімділігін мақтан етеміз.
Талай сыннан сүрінбей өткен, берекелі бірлігі бар Қазақ елінде алдағы күндеріде талай мерейтойларды ойдағыдай бірге өткізетінімізге сенімім мол.
Елдің жүгін қара нардай көтерген алдыңғы толқын ағалар, жұртшылықты айрандай ұйытып отырған ақ жаулықты аналар Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақытты қарттық тілеймін, мерейлі мерекеміз құтты болсын!!!Ізгі тілекпен: «ҚР МКҚ ардагерлерінің Одағы» РҚБ ұжымының төрағасы Р.Р.Тохтамов 21.04.2022жыл

Құрметті ардагерлер!Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні...
Страница 1 из 3