
Жақында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер кеңесі осы қуатты құрылымнан кезінде зейнетке шыққан бір топ зейнеткерге үлкен бір сыйлық жасап, оларды «Құрметті ардагер» медалімен марапаттады.
Осыған орай, арнайы қызметін абыроймен өтеп, зейнетке шыққан қызметкерлерді ұмытпай, әлеуметтік қолдау көрсетіп отырған Ардагерлер кеңесіне зор алғысымызды айтқымыз келеді.
Аталған іс-шара қызметтегі жастар мен зейнеткерлер арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге, Мемлекеттік күзет қызметінің мәртебесін арттыруға және болашаққа сеніммен қарауға зор көмегін тигізеді деп ойлаймыз.
ҚР МКҚ ардагерлері атынан зейнеттегі подполковник Байбосынов Ж.Ө.

