Экскурсионная поездка «ЖАС ҚАЛҚАН»

31 октября 2022 года воспитанники военно-патриотического клуба «Жас қалқан» при Республиканском общественном объединении «Союз ветеранов Службы государственной охраны Республики Казахстан» побывали с экскурсией в г.Аккол Акмолинской области.

Выездная однодневная тематическая экскурсия «Smart city Agkol и его история» была осуществлена с целью ознакомления наших воспитанников с богатым культурно-историческим наследием Северного Казахстана, в частности  «умным, интеллектуальным городом Аккол» и с объектами, имеющими внедренные новые технологии. В программу экскурсии включено посещение музея генерала армии С.Нурмагамбетова, Ситуационного центра «Smart city Agkol» и Центра космической связи.

Наше путешествие началось с музея Героя Советского Союза, «Халық қаһарманы», первого министра обороны независимого Казахстана, генерала армии, уроженца этих мест С.Нурмагамбетова, где более подробно рассказали о его жизненном пути и военных подвигах. Затем мы направились в расположение АО «Республиканский центр космической связи» Аэрокосмического комитета. Там нам была предоставлена информация, касающаяся развития национальной системы космической связи «Kazsat», оказываемых услуг аппаратно-программного и метеорологического обеспечения.

В заключительную очередь, мы познакомились с новым проектом «Smart city Agkol». Специалисты, которые работают там отметили, как внедряются современные технологии «умных городов». По их словам, проводимая работа направлена на улучшение среды обитания жителей  города с населением более 15 тысяч человек. Особое внимание уделяется преимуществам цифровых технологий и тому, что в дальнейшем проект будет распространяться на другие города нашей необъятной страны.

Прогулка по территории детского лагеря «Арман» доставила нам огромное удовольствие, на лицах ребят были улыбки, благо что воздух там чистый и свежий.

Поездка была познавательной и увлекательной. Прекрасно провели время и все мы надеемся, что воспитанникам Клуба «Жас қалқан» пригодятся полученные знания в будущем.

«ЖАС ҚАЛҚАН» ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ

АҚҚӨЛГЕ САПАРЫ

2022 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы «Жас қалқан» әскери-патриоттық клубының жас өрендері «Smart city Agkol және оның тарихы» атты тақырыптық экскурсияға шығып қайтты.    

Ондағы мақсатымыз – тәрбиеленушілерімізді Солтүстік Қазақстанның бай мәдени-тарихи мұрасымен және Ақкөл «ақылды, немесе интеллектуалды» қаласындағы енгізілген жаңа технологиялары бар объектілермен таныстыру болатын.

Саяхатымызды Кеңес Одағының батыры, «Халық қаhарманы», ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, осы қасиетті жердің тумасы С.Нұрмағамбетовтың мұражайынан бастадық. Аталған орын Абай Құнанбаев атындағы аудандық кітапханасында орналасқан екен. Гидтардың жан-жақты түсіндіруінің арқасында батыр атамызға қатысты көптеген мәліметтерге қанық болдық. Сонымен бірге, 1990 жылы аты берілген кітапханадағы Абай Құнанбайұлы мен ісем безендірілген жас оқырмандар залын да тамашаладық.

Одан соң Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» Акционерлік қоғамының Ақкөлдегі бөлімшесінде болдық. Ол жерде біздерге «Kazsat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің дамуы, аппараттық-бағдарламалық және метеорологиялық қамтамасыз ету қызметтеріне қатысты ақпарат берілді.

Соңынан Ақкөл қаласындағы «Smart city Agkol» іске асырылып жатқан жаңа жобасымен таныстық. Жоба шеңберінде ол жерде істейтін кәсіби мамандар атқарылып жатқан жұмыстардың халықтың өмір сүру ортасын жақсартуға арналғанын тілге тиек етті. Сандық технологиялардың артықшылығына және бұйыртса келешекте ол жобаның кең-байтақ еліміздің барлық қалаларына тарайтынына ерекше тоқталды.  

Не керек, тәрбиеленушілеріміздің танымдылығы мен қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымастырылған топтық экскурсияның ұнағанын жас өрендеріміздің өңдерінен бірден байқадық.  Біріншіден, білімдерін жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтіп қайтты, екіншіден ұмытылмастай әсер алды.

Ақкөлдегі көрген-білгендері оларды алға жетелеп, ертеңгі күні елі мен жерін сүйетін, адамгершілігі мол, бойында өз Отаны мен халқына адал қызмет ететін азамат болып өсетіндеріне біздер кәміл сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *