Құрметті Қалмұқанбет Нұрмұханбетұлы!

Сізді және сіз басқарып отырған ұжымды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғау жолындағы игі істеріңіздің қашанда оңынан болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне, сондай-ақ өркениетті еліміздің өсіп-өркендеуі мен Мемлекеттік күзет қызметін дамыту жолында сүбелі табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!

Сіздерге осындай мерейлі күні қуаныштарыңызға ортақтаса отырып, шын көңілімнен отбасына амандық, мықты денсаулық, қажымас күш-қуат, ортаймас несібе-дәулет тілеймін! Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер!

Ізгі ниетпен,

Мемлекеттік күзет қызметі

ардагерлері атынан

Кеңес төрағасы Р.Тухтамов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *