МКҚ Ардагерлер одағы мүшелерінің 2019 жылғы «___ » __________ конференциясында бекітілген «Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер одағы» Өңірлік қоғамдық бірлестігінің ЖАРЛЫҒЫ Нұр-Сұлтан қ. 2019 ж. | Утвержден протоколом Конференцией членов ОО «Союз ветеранов Службы государственной охраны» от «___» ___________ 2019 г. УСТАВ Регионального общественного объединения «Союз ветеранов Службы государственной охраны» г. Нур-Султан 2019 г. |
1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер одағы (бұдан әрі — Одақ), Қазақстан Республикасының бір топ азаматтарының бастамасы бойынша құрылған, ҚР заңнамасына қарама-қайшы келмейтін жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін мүдделердің тұтастығы негізінде ерікті түрде біріктірілген ұйымдастыру-құқықтық нысанда өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестік болып табылады. 2. Одақ бейкоммерциялық ұйым болып табылады, өзіне пайда көру деген негізгі мақсаты жоқ және алынған таза кірісті немесе мүлікті қатысушылары арасында бөлмейді. 3. Одақ өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлікке жауап береді. Одақ өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Одақ мүшелері Одақтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 4. Одақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және басқа да мемлекеттік органдармен олардың іс-әрекетіне кіріспей және өзіне мемлекеттік органдардың функцияларын қабылдамай ынтымақтасады және өзара әрекеттеседі, мемлекеттік органдарға әсер етпейді және саяси мақсаттарды көздемейді. 5. Одақтың құқық қабілеттілігі заңды тұлға ретінде оның мемлекеттік тіркелуінен бастап туындайды. 6. Одақ іс-әрекетінің мерзімі шексіз болып табылады. 7. Одақтың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде атауы бар. Одақтың толық атауы: Қазақ тілінде: «Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер одағы» Өңірлік қоғамдық бірлестігі. Орыс тілінде: Региональное общественное объединение «Союз ветеранов Службы государственной охраны». Ағылшын тілінде: Regional public association «State Security Service Veterans Union» Қысқаша атауы: Қазақ тілінде: «МКҚ АО» ӨҚБ Орыс тілінде: РОО «СВ СГО» Ағылшын тілінде: RPA «SSS VU» 8. Одақтың орналасқан жері мен заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 0100000, Нұр-Сұлтан қ., Кенесары к-сі, 28-үй. 9. Одақтың толық құқық қабілеттілігі бола тұра, өзінің жарғылық іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген шешімдерді қабылдауға және кез келген іс-қимылдар жасауға, заңнамамен ұсынылған барлық құқықты пайдалануға құқылы. 10. Одақ ерікті негізде одаққа, қоғамдық бірлестік қауымдастықтарға кіруге, халықаралық қатынастар мен байланыстар орнатуға, сәйкесінше келісімдер, меморандумдар, келісімшарттар және т.б. жасасуға құқы бар. 11. Одақтың іс-әрекетіне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз кірісуіне рұқсат етілмейді. 12. Мемлекеттік тіркелуден кейін Одақ заңды тұлға болып табылады, меншігінде оңаша мүлкі бар және сол мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мүлікті және жеке мүліксіз құқық пен міндеттерді иемденуі және жүзеге асыруы, сотта талапкер және жауапкер болуы мүмкін. Одаққа берілген мүлік, Одақтың меншігі болып табылады. 13. Одақта орталықтандырылған бухгалтериясы, өзіндік балансы, Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің банктерінде ағымдағы және өзге де шоттары, өз атауымен мөрі, штампы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін белгіленген үлгідегі бланктері бар. 2. Филиалдары мен өкілдіктері 14. Филиалдар Ардагерлер одағының шешімімен құрылады. Филиал басшысы дауыс беру арқылы Ардагерлер одағының Кеңесімен сайланады және Төраға берген сенімхат негізінде жұмыс істейді. 15. Филиалдар заңды тұлға құқықтарын иеленбеген. Филиалдарда Одақтың мүлкінен бөлінген мүліктері жоқ. Филиалдар өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Жарғы, Ардагерлер одағының Кеңесі бекіткен Филиал туралы типтік ереже және Филиалдар туралы ереже аясында жүзеге асырады. 3. Мақсаттары мен жұмыс мәні 16. Одақтың мақсаты Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлерінің қызметін біріктіру және бақылау, Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлерінің атынан сөйлеу және олардың мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік, мәдени, рухани және өзге де проблемаларын шешуге көмек көрсету. Одақтың қызметінің мән-мағынасы мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (бұдан әрі – ҚР МКҚ), басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, шығармашылық одақтар мен ерікті қоғамдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету арқылы өзара әрекеттесу; 2) ҚР МКҚ қызметкерлеріне салт-дәстүрді сақтау, жастарды патриоттық тәрбиелеу, ҚР МКҚ-да қызмет абыройын дәріптеу бойынша көмек көрсету; 3) ҚР МКҚ қолданыстағы қызметкерлеріне тәжірибесімен бөлісу, жас кадрларды қазақстандық патриотизм мен Отанына деген махаббаты рухынжа тәрбиелеуге қатысу; 4) Одақтың ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қолдау, материалдық және өзге де көмек көрсету. 17. Одақтың құқықтары: 1) ҚР МКҚ басшылығының келісімі бойынша ҚР МКҚ қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, оларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларға қатысу; 2) ақпараттық-консультативтік, оқытушылық, ғылыми-әдістемелік және баспа жұмысын ұйымдастыру. 3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде және соттарда Ардагерлер одағының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 4) жүгіну, мемлекеттік билік органдарына ұсыныстар енгізу, жарғылық міндеттердің әр түрлі мәселелері бойынша бастамалармен шығу, соның ішінде Ардагерлер одағына медициналық қызмет көрсетілуі мен өзге де шарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; 5) жарғылық міндеттер мен құқылық проблемаларды шешуде Ардагерлер одағының позициясын анықтау; 6) ҚР МКҚ іс-әрекеті бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу; 7) өз жұмысы бойынша ақпаратты тарату; 8) ҚР МКҚ жұмысына қатысты заңнамасы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; 9) мемлекет басшыларының қауіпсіздік қызметі ардагерлер қоғамдастығымен халықаралық қатынастар орнату және дамыту. Мүше ретінде халықаралық бейкоммерциялық үкіметтік емес ұйымдарға кіру; 10) қоғамдық қорлар, бұқаралық ақпарат құралдар құру. 4. Мүшелікті алу және жоғалту тәртібі 18. Одақ мүшелері қызмет өткерген жылдары кемінде 10 жыл болатын, оның ішінде 3 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде болған және аталған мемлекеттік органдардан зейнетке шыққан азаматтар болуы мүмкін. 19. Одақ мүшелігіне қабылдау жазбаша өтініш негізінде Ардагерлер одағының Кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 20. Одақтың мүшесі шығу күнінен кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде шығуы туралы хабарландыру беріп Одақтан шығуы мүмкін. Одақтан шығуы туралы хабарландыру осы шығатын мүшенің Жарғының ережелерін орындаудан бір жақты бас тартуы болып табылады. Одақтың мүшесінде Одақтың мүлкіне, соның ішінде оған берілген мүлікке және мүшелік жарнаға құқы жоқ. 5. Одақ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 21. Одақ мүшелері мынаған құқылы: 1) осы Жарғымен белгіленген тәртіпте Одақ істерін басқаруға қатысуға; 2) Одақтың іс-әрекеті туралы бүкіл қажетті ақпаратты алуға. 3) Одақ мүшелері Конференциясының жұмысына және мемлекет ішінде және одан тыс жерлерде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Одақтың Ардагерлері кеңесінің тапсырмасы бойынша Одақ мүддесін әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік және халықаралық ұйымдардың жұмысында ұсынуға; 4) Одақтың мүшелері Конференциясында дауыс беру құқымен қатысуға, Одақтың басшылық және бақылаушы органдарын сайлауға және оған сайлануға; 5) Одақты азаматтарға және ұйымдарға қатысты осы Жарғыға сәйкес және Одақ мүшелерінің Конференциясымен немесе Одақтың Ардагерлері кеңесімен ұсынылған өкілеттік аясында ұсынуға; 6) өзіндік және қосалқы қайырымдылық жарналар енгізуге; 7) Одақтың басшылық органдарымен белгіленген тәртіпте қаржылық, материалдық және басқа да көмек түрлерін алу туралы өтініш беруге; 8) Одақ алдында материалдық және өзге де міндеттемелерді орындағаннан кейін Одақ мүшелігінен шығуға; 9) Одақтың басқа мүшелерінен Одақ Жарғысының тиесілі орындауын талап етуге; 10) Одақтың басқа мүшелеріне конференцияға қатысу және дауыс беру құқығын беруге. 22. Одақ мүшелері мынаған міндетті: 1) осы Жарғының ережелерін сақтауға; 2) Одақ мүшелері Конференциясының және Одақ Ардагерлері кеңесінің шешімдерін орындауға; 3) Одақ органының жұмысына белсенді қатысуға, оның жұмысын жүзеге асыруға көмектесуге және өз жұмысы туралы есеп беруге; 4) мүшелік жарналар төлеуге; 5) Одақтың беделі мен имиджі туралы ойлауға; 6) Одақтың нақты бағдарламаларын орындауға көмектесуге; 7) Одақтың абырой-беделіне, қаржылық, коммерциялық және өзге де мүдделеріне залал келтіруі мүмкін кез келген жұмыс түрінен тартынуға; 8) Одақтың басшылық органдарының шешімі бойынша өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға; 9) Одақтың Ардагерлер кеңесімен Одақтың жұмысына қатысты жұрт алдында сөз сөйлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беру мерзімдері мен мәнін алдын ала келісуге; 10) Одақтың жарғылық іс-әрекетіне қатысты нақты мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты Одаққа ұсынуға; 11) Одақтың мүлкін сақтауға; 12) Одақтың іс-әрекеті туралы құпия ақпаратты жарияламауға; 13) күнделікті өмірінде этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға және Одақ мүшесінің беделіне және атағына нұқсан келтіретін теріс қылықтардан тартынуға. 23. Одақ, Ардагерлер кеңесінің шешімімен Одақ мүшелігінен шығарып тастауы мүмкін, егер Одақ мүшесі: 1) Жарғы талаптарын, Одақ мүшелері Конференциясының немесе Одақ Ардагерлері кеңесінің шешімдерін орындамаса; 2) Одақ алдында өз міндеттемелерін жүйелі орындамаса немесе тиесілі емес түрде орындаса; 3) Одақ жұмысының негізгі бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін жұмыс нысандарын және әдістерін қолданса; 4) Одақтың дұрыс жұмысына немесе абырой-беделіне өз іс-әрекетімен не әрекетсіздігімен кедергі жасаса; 5) Одақ мүшесі деген атаққа лайықты емес теріс қылық жасаса; 6) белгіленген мерзімде мүшелік жарна бермесе. 6. Мүлік, қаржыландыру көздері 24. Одақтың меншігінде жылжитын және жылжымайтын мүлік объектілері, қаржы құралдары мен өзге де мүлік болуы мүмкін. 25. Одақтың қаржыландыру көздері болып мыналар табылады: 1) ерікті және қайырымдылық жарналар, жанашырлық және аударымдар, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, жеке фирмалар мен басқа да заңды және жеке тұлғалардан сыйлықтар, сондай-ақ мұра ретінде қалдырған мүлік; 2) ғимарат, имарат, тұрғын үй қоры, жабдық, инвентарь және басқа да материалдық құндылықтар, құнды қағаздар, жерді, ғимаратты, имаратты және жабдықты, сондай-ақ зияткерлік меншікті (ноу-хау) және өзге де түсімдерді пайдалану құқығы түрінде жеке және заңды тұлғалардың (мүше және мүше емес адамдардың) жарналары; 3) мақсатты қаржыландыру (гранттар); 4) өткізілген қайырымдылық іс-шаралардан, кештерден, концерттерден, дәрістерден Одақ пайдасына түскен қаражат; 5) қоғамдық қор; 6) ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер. 7. Одақты басқару органдары 26. Одақтың жоғары басқару органы болып Одақ мүшелерінің Конференциясы табылады. 27. Одақтың ағымдағы басқарудың алқалық органы болып Одақ Төрағасы басшылық ететін Одақтың Ардагерлері кеңесі табылады. 28. Одақты басқарудың атқарушы органы болып Төраға табылады. 29. Одақты бақылаушы орган болып Ревизиялық комиссия табылады, оның өкілеттігі мен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Одақтың Ардагерлер кеңесі бекітеді. 30. Одақ органдарының құзыреті мен өкілеттігін жүзеге асыру тәртібі осы Жарғымен, сондай-ақ Одақ Ардагерлерінің кеңесі бекіткен Ережелермен реттеледі. 8. Одақ мүшелерінің Конференциясы 31. Одақ мүшелерінің Конференциясы екі жылда кемінде бір рет шақырылатын Одақты басқарудың жоғарғы органы болып табылады. 32. Кезектен тыс Конференция Одақ Төрағасының бастамасы бойынша немесе Одақ мүшелерінің кемінде үштен бір бөлігінің талабы бойынша шақыртылады. 33. Конференцияның шақырылымы, оны өткізу орны және күн тәртібі туралы Одақ Төрағасы оны өткізу датасына дейін кемінде бір ай бұрын жариялайды. Конференцияға өкілдік нормасы Одақ Төрағасымен орнатылады. 34. Конференция заңды деп саналады, егер онда Одақ мүшелері қатысушыларының өкілдіктерінің кемінде екіден үш нормасы бар болса. Шешім қабылданды деп саналады, егер оған Конференцияға қатысушы мүшелердің жартысынан көбісі дауыс берсе. 35. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Одақты қайта құру мен жою туралы шешімді Конференция, Конференцияда өкілдік нормалары бар Одақ мүшелерінің жалпы санынан кемінде екіден үш құрамында қабылдайды. 36. Дауыс беру формасын Конференция анықтайды. Хаттама жүргізу үшін конференция төрағасы мен хатшысы сайланады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданады. 37. Одақ мүшелері Конференциясының ерекше құзыретіне мына мәселелер жатады: 1) Одақ Жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) Одақты қайта құру және жою; 3) Одақты басқару органының құзыретін, ұйымдастырушылық құрылымын, өкілеттілікті қалыптастыру және тоқтату тәртібін анықтау; 4) атқарушы орган Төрағаға қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі мен кезеңдікті, сондай-ақ бақылаушы органның тексерісті өткізу және оның нәтижелерін бекіту тәртібін анықтау; 5) мүшелік жарналар мөлшерін анықтау; 6) заңнамалық актілермен белгіленген шекте Одақтың құруда немесе халықаралық қоғамдық ұйымдарды қоса басқа заңды тұлғалардың іс-әрекетіне қатысу туралы шешімдер қабылдау; 7) Одақ жұмысының негізгі бағыттарын, бағдарламаларын бекіту; 8) Одақ Төрағасын сайлау, Одақ Ардагерлері кеңесінің мүшелерін сайлау; 9) осы Жарғы аясында Одақ жұмысының мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау; 11) Одақ Ардагерлерінің кеңесі мен Төрағасы шешімдерінің күшін жою. 9. Ардагерлер кеңесі және Одақ Төрағасы 38. Одақты күнделікті басқарудың алқалы органы Одақ Конференциясына есеп беретін Одақтың Ардагерлер кеңесі болып табылады. 39. Ардагерлер одағының мүшелерін Одақ Конференциясы Одақ мүшелерінің өкілдерінің арасынан екі жыл мерзімге сайлайды. Одақтың Ардагерлер кеңесінің сандық құрамы Одақ мүшелерінің конференцияларында белгіленеді. 40. Одақтың Ардагерлер кеңесі: 1) конференциялар арасында кезеңде Одақтың жұмысына күнделікті басшылық етуді жүзеге асырады; 2) Одақтың жаңа мүшелерін қабылдау туралы шешім қабылдайды; 3) өз құрамының ішінен Одақтың Алматы қаласындағы филиалының басшысының сайлайды; 4) Одақ Төрағасының ұсынымы бойынша Одақтың Ардагерлер кеңесінің ревизиялық комиссиясының Төрағасын және оның мүшелерін сайлайды; 5) өз отырыстарын тоқсанына бір рет өткізеді. Егер Кеңес отырыстарына оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде жартысы қатысса, ол заңды күшке ие болады. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданады. 6) Одақ мүшелерінің кезекті конференцияларын дайындау жөніндегі жұмыс жүргізеді; 7) Одақ мүшелерінің Конференциялары шешімдерінің және олардың арыз-өтініштерінің орындалуына бақылау жасайды; 8) мәселелерді қарайды, шешім қабылдайды, іс-шаралар жоспарын бекітеді; 9) Одақ мүшелерінің арасында Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ Одақты қайта ұйымдастыру және жою туралы ұсыныстарды талқылауды ұйымдастырады; 10) Одақтың Ардагерлер кеңесінің регламенті мен жұмыс кестесін бекітеді; 11) Одақ мүшелері мен ҚР МКҚ ардагерлерінің, басқа да ұйымдардың арыз-өтініштерін қарайды; 12) әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық қызмет көрсету және басқа да өмір жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ҚР МКҚ ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қолданады; 13) Одақ мүшелерінің Конференциясының құзыретін жататын мәселелерді санамағанда, Одақ жұмысын айқындайтын басқа да мәселелерді шешеді; 14) Алқа және Атқарушы органдар арасындағы даулы мәселелерді Одақ мүшелері Конференциясының қаруына шығарады. 41. Одақ Төрағасы немесе Одақтың Ардагерлер кеңесінің, ревизия комиссиясы мүшелерінің бірі шығып кеткен жағдайда, Одақтың Ардагерлер Кеңесінің қатарынан толықтыруға құқылы. 42. Одақтың Ардагерлер кеңесінің шешімі дауыстардың көптігімен қабылданады. Кеңес мүшелерінің даусы тең. Дауыстар тең болған жағдайда Одақ Төрағасының даусы шешуші болып саналады. 43. Одақтың Ардагерлер кеңесін Одақ ардагерлерінің конференциясы төрт жыл мерзімге сайлайтын Одақ Төрағасы басқарады. 44. Одақ Төрағасы Одақтың Ардагерлер кеңесінің күнделікті жұмысын үйлестіреді, оның отырыстарын және мүшелердің отырыстың өткізілуі туралы хабардар болуын ұйымдастырады 45. Одақ Төрағасы Одақ атынан сенімхатсыз әрекет етеді. 46. Одақ Төрағасы Одақ мүшелерінің Конференциясына және Одақтың Ардагерлер кеңесіне есеп береді және оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік алады. 47. Одақ Төрағасына жүктелген міндеттердің орындалғаны үшін оған жалақы және Одақтың және оның жоғары басқару органының жұмысына қатысумен тікелей байланысты шығыстардың өтемақысы төленеді. 48. Одақ Төрағасы: 1) Одақтың Ардагерлер кеңесінің отырыстарына төрағалық етеді, Одақтың ардагерлер кеңесінің отырыстарын ашады және жүргізеді; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, қоғамдық бірлестіктерінде және басқа да ұйымдарында және шет елдерде Одақ атынан өкілдік етеді; 3) Одақ атынан шарттар жасасады; 4) Одақтың штаттық құрылымын бекітеді, лауазымдық жалақыларды орнатады; 5) Одақ аппаратына жұмыскерлер қабылдауды және оларды жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, бұйрықтар шығарады; 6) Одақтың қаржы-шаруашылық жұмысына басшылық етуді жүзеге асырады, сенімхат береді; 7) Одақтың Ардагерлер кеңесіне Ревизия комиссиясы Төрағасының және оның мүшелерінің кандидатурасын бекітуге ұсынады; 8) Одақтың жарғылық міндеттерін іске асыру үшін басқа да жұмысты орындайды. 49. Одақтың есебі мен есеп беруі. 1) Одақ Конференциясы өз есебінен Одақтың қаржылық есебіне аудит жүргізілуін талап етуге құқылы. 2) Одақтың бухгалтерлік статистикалық есебі мен есеп беруі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3) Одақ жұмысының қаржылық нәтижелері жылдық бухгалтерлік есеп негізінде белгіленеді. 10. Одақты қайта құру және жою тәртібі 50. Одақтың жұмысы қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және қайта өзгерту) немесе жою Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен: 1) Одақ мүшелерінің конференциясының; 2) соттың шешімімен тоқтатылуы мүмкін. 51. Одақ жойылған жағдайда, қалған мүлік пен қаражат кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін осы жарғыда көзделген мақсаттарға жіберіледі. 11. Қорытынды ережелер 52. Егер осы Жарғының бір немесе одан астам ережелерін заң құзыретіне ие орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылмайтын, жарамсыз және зайға қайшы деп таныған жағдайда басқа ережелерді қолдану, олардың жарамдылығы, заңдылығы қозғалмайды, егер қандай да бір ереже қолданылмайтын, жарамсыз және заңға қайшы деп саналса, мұндай ережені заңды күшке ие ережемен алмастыру үшін осы Жарғыға жазбаша нысанда түзету енгізіледі. 58. Осы Жарғыда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі. | 1.Общие положения 1.Союз ветеранов Службы государственной охраны (далее — Союз), является в организационно-правовой форме общественным объединением с региональным статусом, созданный по инициативе группы граждан Республики Казахстан, добровольно объединившихся на основе общности интересов для реализации уставных целей, не противоречащих законодательству РК. 2. Союз является некоммерческой организацией, не имеет основной цели извлечения дохода в качестве такового и не распределяет полученный чистый доход или имущество между участниками. 3. Союз отвечает по своим обязательствам всем, принадлежащим ему имуществом. Союз не отвечает по обязательствам своих членов, а члены Союза не отвечают по обязательствам Союза. 4. Союз сотрудничает и взаимодействует со Службой государственной охраны Республики Казахстан и другими государственными органами, не вмешиваясь в их деятельность и не принимая на себя функций государственных органов, не оказывает влияния на государственные органы и не преследует политические цели. 5.Правоспособность Союза как юридического лица возникает с момента его государственной регистрации. 6. Срок деятельности Союза является неограниченным. 7. Союз имеет наименование на казахском, русском и английском языках. Полное наименование Союза: На казахском языке: «Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер одағы» Өңірлік қоғамдық бірлестігі. На русском языке: Региональное общественное объединение «Союз ветеранов Службы государственной охраны». На английском языке: Regional public association «State Security Service Veterans Union» Сокращенное наименование: На казахском языке: «МКҚ АО» ӨҚБ На русском языке: РОО «СВ СГО» На английском языке: RPA «SSS VU» 8.Местонахождение и юридический адрес Союза: Республика Казахстан,0100000, г. Нур-Султан, ул. Кенесары, дом 28. 9. Союз обладая полной правоспособностью, вправе принимать в соответствии с целями и задачами своей уставной деятельности любые решения и совершать любые действия, не противоречащие законодательству Республики Казахстан, пользоваться всеми представленными законодательством правами, 10. Союз имеет право на добровольной основе вступать в союзы, ассоциации общественных объединений, налаживать международные контакты и связи, заключать соответствующие соглашения, меморандумы, контракты и т.п. 11. Не допускается незаконное вмешательство в деятельность Союза государственных органов и должностных лиц. 12. После государственной регистрации Союз является юридическим лицом, имеет в собственности обособленное имущество и отвечает этим имуществом по своим обязательствам, может от своего имени приобретать и осуществлять имущественные и личные неимущественные права и обязанности, быть истцом и ответчиком в суде. Имущество, переданное Союзу, является собственностью Союза. 13. Союз имеет централизованную бухгалтерию, самостоятельный баланс, текущие и иные счета в банках Республики Казахстан и иных государств, печать со своим названием, штампы, бланки установленных образцов, не противоречащую законодательству Республики Казахстан. 2.Филиалы и представительства 14. Филиалы образуются решением Совета ветеранов. Руководитель филиала избирается Советом ветеранов Союза посредством голосования и действует на основании выданной Председателем доверенности. 15. Филиалы не обладают правами юридического лица. Филиалы не имеют имущества, отделенного от имущества Союза. Филиалы осуществляют свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в рамках настоящего Устава, Типового Положения о филиале и Положений о Филиалах, утверждаемых Советом ветеранов Союза. 3. Цель и предмет деятельности 16. Целью Союза является объединение и координация деятельности ветеранов Службы государственной охраны, представление и защита интересов сообщества ветеранов Службы государственной охраны, содействие в решении их социальных, культурных, духовных и иных проблем. Предметом деятельности Союза является: 1) взаимодействие со Службой государственной охраны Республики Казахстан (далее — СГО РК), в том числе посредством методической и практической помощи другими государственными органами и организациями, творческими союзами и добровольным обществами; 2) содействие по поддержанию традиций сотрудников СГО РК, патриотического воспитания молодого поколения, популяризации престижа службы в СГО РК; 3) передача опыта действующим сотрудникам СГО РК, участие в воспитании молодых кадров в духе казахстанского патриотизма и любви к Родине; 4) оказание поддержки, материальной и иной помощи ветеранам Союза и членам их семей. 17. Права Союза: 1) участвовать, по согласованию руководством СГО РК, в мероприятиях по повышению профессионального уровня сотрудников СГО РК, их обучению и воспитанию; 2) организовывать информационно-консультативную, преподавательскую, научно-методическую и издательскую деятельность. 3) представлять и защищать права и законные интересы Союза ветеранов в государственных органах, иных организациях, общественных объединениях и судах; 4) обращаться, вносить предложения в органы государственной власти, выступать с инициативами по различным вопросам уставных задач, в том числе улучшения социального положения Союза ветеранов медицинского обслуживания и иных условий; 5) определять позиции Союза ветеранов в решении уставных задач и правовых проблем; 6) принимать участие в научно-практических конференциях по линии деятельности СГО РК; 7) распространять информацию о своей деятельности; 8) участвовать в разработке предложений по совершенствованию законодательства, касающихся деятельности СГО РК; 9) устанавливать и развивать международные отношения с сообществами ветеранов служб безопасности руководителей государств. Вступать в качестве члена в международные некоммерческие неправительственные организации; 10) учреждать общественные фонды, средства массовой информации. 4. Порядок приобретения и утраты членства 18. Членами Союза могут стать граждане, имеющие выслугу не менее 10 лет, из них 3 года в Службе охраны Президента Республики Казахстан, Республиканской Гвардии Республики Казахстан, Службе государственной охраны Республики Казахстан и вышедших на пенсию из указанных государственных органов. 19. Прием в членство Союза осуществляется по решению Совета ветеранов Союза на основании письменного заявления. 20.Член Союза может выйти из Союза, подав уведомление о выходе в письменном виде не менее чем за один месяц до даты выхода. Уведомление о выходе из Союза является односторонним отказом выходящего члена от выполнения положений настоящего Устава. Член Союза не имеет прав на имущество Союза, в том числе на переданное им имущество и членские взносы. 5. Права и обязанности членов Союза 21. Члены Союза имеют право: 1) участвовать в управлении делами Союза в порядке, установленном настоящим Уставом; 2) получать всю необходимую информацию о деятельности Союза. 3) участвовать в работе Конференции членов Союза и мероприятиях, организуемых в внутри страны и за ее пределами, а также представлять по поручению Совета ветеранов Союза интересы Союза в работе различных государственных, общественных, частных и международных организаций; 4) присутствовать на Конференции членов Союза с правом голоса, избирать и быть избранным в руководящие и контролирующие органы Союза; 5) представлять Союз в отношениях с гражданами и организациями в соответствии с настоящим Уставом и в рамках полномочий, представленных Конференцией членов Союза или Советом ветеранов Союза; 6) вносить собственные и привлеченные благотворительные вклады; 7) ходатайствовать о получении финансовой, материальной и других видов помощи, в порядке, установленном руководящими органами Союза; 8) выйти из членства в Союзе после выполнения материальных и иных обязательств перед Союзом; 9) требовать от других членов Союза надлежащего исполнения Устава Союза; 10) делегировать право участия и голоса другим членам Союза на конференции. 22. Члены Союза обязаны: 1) соблюдать положения настоящего Устава; 2) выполнять решения Конференции членов Союза и Совета ветеранов Союза; 3) активно участвовать в работе органов Союза, оказывать содействие в осуществлении его деятельности и отчитываться о своей деятельности; 4) уплачивать членские взносы. 5) заботиться об авторитете и имидже Союза; 6) содействовать выполнению конкретных программ Союза; 7) воздерживаться от любого вида деятельности, способной нанести ущерб репутации, финансовым, коммерческим и иным интересам Союза; 8) принимать активное участие в мероприятиях, проводимых по решению руководящих органов Союза; 9) предварительно согласовывать с Советом ветеранов Союза сроки и содержание публичных выступлений и интервью в средствах массовой информации касательно деятельности Союза, а также предоставлять Союзу итоговую информацию; 10) предоставлять Союзу информацию, необходимую для решения конкретных вопросов, относящихся к уставной деятельности Союза; 11) беречь имущество Союза; 12) не разглашать конфиденциальную информацию о деятельности Союза; 13) соблюдать этические нормы поведения в повседневной жизни и воздерживаться от поступков, наносящих урон авторитету и званию члена Союза. 23. Союз может исключить из членства Союза, решением Совета ветеранов, если член Союза: 1) не выполняет требований Устава, решений Конференции членов Союза или Совета ветеранов Союза; 2) систематически не выполняет или ненадлежащим образом выполняет свои обязательства перед Союзом; 3) использует формы и методы работы, несовместимые с основными направлениями деятельности, целями и задачами Союза; 4) препятствует своим действием или бездействием нормальной работе или репутации Союза; 5) совершил поступок, недостойный звания члена Союза; 6) не внес членский взнос в установленный срок. 6. Имущество, источники финансирования 24. Союз может иметь в собственности объекты движимого и недвижимого имущества, финансовые средства и иное имущество. 25. Источниками финансирования Союза являются: 1) добровольные и благотворительные взносы, пожертвования и отчисления, подарки от казахстанских и зарубежных государственных и общественных организаций, частных фирм и других юридических и физических лиц, а также завещанное наследственное имущество; 2) вклады физических и юридических лиц (как членов, так и не членов) в виде зданий, сооружений, жилищного фонда, оборудования, инвентаря и других материальных ценностей, ценных бумаг, прав пользования землей, зданиями, сооружениями и оборудованием, а также интеллектуальной собственности (ноу-хау) и иных поступлений; 3) целевое финансирование (гранты); 4) средства, полученные от проведения в пользу Союза благотворительных мероприятий, вечеров, концертов, лекций; 5) общественный фонд; 6) иные поступления, не запрещенные законодательством РК. 7. Органы управления Союза 26. Высшим органом управления Союза является Конференция членов Союза. 27. Коллегиальным органом текущего управления Союза является Совет ветеранов Союза, возглавляемый Председателем Союза. 28. Исполнительным органом управления Союза является, Председатель. 29. Контрольным органом Союза является Ревизионная комиссия, полномочия и порядок организации деятельности которой утверждаются Советом ветеранов Союза. 30. Компетенция и порядок осуществления полномочий органов Союза регулируются настоящим Уставом, а также Положениями, утверждаемыми Советом Ветеранов Союза. 8. Конференция членов Союза 31. Конференция членов Союза является высшим органом управления Союза, созываемая не реже одного раза в два года. 32. Внеочередная Конференция созывается по инициативе Председателя Союза или по требованию не менее одной трети членов Союза. 33. О созыве, месте проведения и повестке дня Конференции объявляется Председателем Союза не позднее, чем за месяц до даты его проведения. Норма представительства на Конференции устанавливается Председателем Союза. 34. Конференция считается правомочной, если на ней присутствует не менее двух третей нормы представительства участников членов Союза. Решения считаются принятыми, если за них проголосовало более половины присутствующих на Конференции членов. 35. Решения о внесении изменений и дополнений в Устав и о реорганизации и ликвидации Союза принимаются Конференцией в составе не менее двух третей от общего количества членов Союза, присутствующих нормы представительства на Конференции. 36. Форма голосования определяется Конференцией. Для ведения протокола, избирается председатель конференции и секретарь. По итогам работы конференции принимаются протокольные решения. 37. К исключительной компетенции Конференции членов Союза относятся вопросы: 1) принятия, внесения изменений и дополнений в Устав Союза; 2) реорганизации и ликвидации Союза; 3) определения компетенции, организационной структуры, порядка формирования и прекращения полномочий органов управления Союзом; 4) определения порядка и периодичности представления финансовой отчетности исполнительным органом Председателем, а также порядка проведения проверки контрольным органом и утверждения их результатов; 5) определение размеров членских взносов; 6) принятия, в пределах установленных законодательными актами решения об участии Союза в создании или деятельности других юридических лиц, включая международные общественные организации; 7) утверждение основных направлений, программ деятельности Союза; 8) избрание Председателя Союза, избрание членов Совета ветеранов Союза; 9) принятие решений по вопросам деятельности Союза в рамках настоящего Устава; 11) отменять решения Совета ветеранов и Председателя Союза. 9. Совет ветеранов и Председатель Союза 38. Коллегиальным органом текущего управления Союза является Совет ветеранов Союза, подотчетный Конференции Союза. 39. Члены Союза ветеранов избираются Конференцией Союза сроком на два года из числа представителей членов Союза. Количественный состав Совета ветеранов Союза определяется на конференции членов Союза. 40. Совет ветеранов Союза: 1) осуществляет текущее руководство деятельностью Союза в период между конференциям; 2) принимает решения о приеме новых членов Союза; 3) избирает из своего состава руководителя Филиала Союза в городе Алматы; 4) по представлению Председателя Союза, утверждает Председателя ревизионной комиссии Совета ветеранов Союза и его членов; 5) проводит свои заседания раз в квартал. Заседания Совета правомочны, если на нем присутствуют не менее половины от общего числа его членов. По итогам заседания Совета ветеранов Союза принимаются протокольные решения; 6) проводит работу по подготовке очередных Конференций членов Союза; 7) осуществляет контроль за исполнением решений Конференций членов Союза и их обращений; 8) рассматривает вопросы, принимает решения, утверждает планы мероприятий; 9) организует обсуждение среди членов Союза предложения о внесении изменений и дополнений в Устав, а также о реорганизации и ликвидации Союза; 10) утверждает Регламент и план работы Совета ветеранов Союза; 11) рассматривает обращения членов Союза и ветеранов СГО РК, иных организаций; 12) принимает меры по защите прав и законных интересов ветеранов СГО РК в вопросах улучшения социального обеспечения, медицинского обслуживания и иных жизненных условий; 13) решает иные вопросы, определяющие деятельность Союза, за исключением тех, которые относятся к компетенции Конференции членов Союза. 14) выносит спорные вопросы между Коллегиальным и Исполнительным органом на рассмотрение Конференции членов Союза. 41. В случае выбытия Председателя Союза или кого-либо из членов Совета ветеранов Союза, ревизионной комиссии, Совет ветеранов Союза вправе кооптировать из числа членов Союза; 42. Решения Совета ветеранов Союза принимаются простым большинством голосов. Члены Совета имеют равные голоса. При равенстве голосов, решающим считается голос Председателя Союза. 43. Совет ветеранов Союза возглавляет Председатель Союза, избираемый Конференцией членов Союза сроком на четыре года. 44. Председатель Союза координирует текущую работу Совета ветеранов Союза, организует его заседания и извещение членов о проведении заседания. 45. Председатель Союза действует от имени Союза без доверенности. 46. Председатель Союза подотчетен Конференции членов Союза и Совету ветеранов Союза, и несет перед ними ответственность за выполнение возложенных на него функций. 47. Председателю Союза, за выполнение им возложенных на него функций, выплачивается заработная плата, и компенсации расходов, непосредственно связанных с участием в работе Союза и его высшего органа управления. 48. Председатель Союза: 1) председательствует на заседаниях Совета ветеранов Союза, открывает и ведет заседания Совета ветеранов Союза; 2) представляет Союз в государственных органах, общественных объединениях и иных организациях в Республике Казахстан и за рубежом; 3) заключает от имени Союза договоры; 4) утверждает штатную структуру Союза, устанавливает должностные оклады; 5) осуществляет прием и увольнение работников аппарата Союза, издает приказы; 6) осуществляет руководство финансово-хозяйственной деятельностью Союза, выдает доверенности; 7) представляет для утверждения в Совет ветеранов Союза кандидатуру Председателя Ревизионной комиссии и его членов; 8) выполняет иную работу для реализации уставных задач Союза. 49. Учет и отчетность Союза. 1) Конференция Союза вправе требовать проведения за свой счет аудита финансовой отчетности Союза.. 2) Бухгалтерский статистический учет и отчетность Союза осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан 3) Финансовые результаты деятельности Союза определяются на основе годового бухгалтерского отчета. 10. Порядок реорганизации и ликвидации Союза 50. Деятельность Союза может быть прекращена путем реорганизации (слияния, присоединения разделения, выделения и преобразования) или ликвидации в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан по решению: 1) Конференции членов Союза; 2) суда. 51. При ликвидации Союза оставшееся имущество и средства после удовлетворения требований кредиторов направляются на цели, предусмотренные настоящим Уставом. 11.Заключительные положения 52. В случае, если одно или более положений настоящего Устава признаны органом компетентной юрисдикции неприменимыми, недействительными и противозаконными в соответствии с законодательством Республики Казахстан, то применение, действительность, законность других положений не будет затронута случае, если какое либо положение будет сочтено неприменимым, недействительным и противозаконным, в настоящий Устав вносится поправка в письменной форме с тем, чтобы заменить такое положение имеющим юридическую силу. 58. Вопросы, не урегулированные настоящим Уставом, регулируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан. |
Одақ Төрағасы ________________ Р. Тухтамов | Председатель Союза __________ Р. Тухтамов |