Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы полиция қызметкерінен қазақ елінің Ішкі істер министрі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Сіз алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшысыз, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлерін де әрдайым назарыңызда ұстап, қамқорлық көрсетіп келесіз, сіздің осындай аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз бізді тәнті етпей қоймайды.
Біз игі істеріңіздің қашанда оңынан болуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне, сондай-ақ өркениетті еліміздің өсіп-өркендеуі мен Мемлекеттік күзет қызметін дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектестік білдіреміз!
Қадірлі Қалмұқанбет Нұрмұханбетұлы!
Сізге осындай мерейлі күні қуанышыңызға ортақтаса отырып, шын көңілімізбен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз! Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Ізгі ниетпен,
Мемлекеттік күзет ардагерлері атынан
Кеңес төрағасы Р. Тухтамов
18.05.2020.