Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы сарбаздан әскери және арнаулы қызметтегі еліміздің белгілі де беделді нағыз Отан қорғаушы азаматы деңгейіне көтерді. Мемлекетіміздің жоғары арнаулы басқару органдарында абыроймен жауапты қызметтер атқардыңыз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегелі ақылшысыз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.