Құрметті Болатқан Даулетбекұлы! Сізді айтулы оқиға — 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!


Сіз бүкіл өміріңізді мемлекетке қызмет ету ісіне арнап, нағыз отаншылдық пен мақсаткерлік танытып, Қазақстанның жаңа толқыны үшін өнегеге айналдыңыз.
Сіздің біліміңіз, жоғары жауапкершілік пен біліктілігіңіз әріптестеріңізді тәнті етеді, Сіз олардың арасында зор беделге бөленіп отырсыз. Бүгінгі айтулы күнде Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер және қызметіңізде тың табыстар тілейміз!
Шаңырағыңызда және туған-туыстарыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

Ізгі ниетпен,
Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер Одағы